"Тұрсынбекке ұқсайды": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін елге көрсетті

"Тұрсынбекке ұқсайды": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін елге көрсетті

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бесінші сәбиі Рәбия Сұлтанды көрсетіп, кімге ұқсайтынын сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Рәбия Сұлтан кімге ұқсайды екен?" Деген сұрақпен сәбиінің видеосын жариялаған Жұлдызға оқырмандары түрлі жауаптарды жазуда. 

"Атасынан ауымайды", "Қайратқа ұқсайды екен", "Ақмөрге ұқсайды", "атасына қатты ұқсайды екен" деп жарыса жазып жатқан жұрттың ішінде "Тұрсынбек Қабатовқа ұқсайды" деп біреу пікір жазды. 

Бұл пікірге жүздеген кісі түрлі смайлик қойып, жауап беруде. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар