Тұрсынбектің тоқалдан туған баласы басқа тілде сөйлейді, басқаша кітап оқиды екен

Тұрсынбектің тоқалдан туған баласы басқа тілде сөйлейді, басқаша кітап оқиды екен

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман өзінің парақшасында ұлының ерекше ақылды екенін айтып, қандай кітаптар оқитынын көрсетіп, фото, видео бөлісті деп жазады Democrat.kz. 

Айман балаларының қандай кітаптар оқып, ақылдары қандай екенін айта отырып, хейттерлерді "өсек пен төсектің айналасынан аса алмайтынын" сынға алды. 

"Кейбір хейтерлерден ой өріс деңгейі биік балам. Ақша, өсек, төсекті әңгіме қылғанша оқысаңдаршы. Ең болмағанда парақшаларыңды әдемі жүргізсеңдер дер едім" деген жазбамен ұлының оқитын кітаптары мен видеосын бөліскен Айман жұртқа ақыл айтты. 

Ал видеодағы ақылды ұлы басқа тілде, яғни орыс тілінде шүлдірлеп, сайрап, анасына сын айтқан хейтерлерден әлдеқайда өресі биік екенін "дәлелдеп" отыр. 

Сонымен қатар Айман ұлының кітаптарының ішінде діни тарауларды ашып, соны оқыған баласымен мақтан тұтты. 

Барлық жаңалықтар