Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Меккеге үш айлық сәбиімен бірге барғанын айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Алланың шеберлігі соншалықты, қасиетті мекенде алдымнан сәби дайындалып қойыпты. Сөйтіп Батыр атты сүт балам пайда болды. Екеуміз мәми еміп, әңгіме айтып жатқанда Батыр баламның мамасы тауапын өтеп келетін. Ең кішкентай қажымыз Батыр. Бір жылаған жоқ. Өзімнің батырым елде еш болмағандай мәми де іздеген жоқ. Аллаҳу Акбар»,- деп жазды Айман Талғатқызы.
Мұнан бөлек ол сүт баласының ержеткенін айтып, оған үлкен сенім артатынын жеткізді.
«Бүгінде сары Батырым, сүт балам үлкен жігіт болды. Әр сәттің біз күтпеген бір қайыры мен себебі болады. Осы балам Алла жазса әлемді аузына қарататын үлкен азамат болатынына еш күмәнім жоқ. Елге қона сала сүтім атқылады. Балам да тойып терлеп әрі қарай еміп кетті. Алланың құдіреттілігі сонша, кейде сенбей, өзіміз тон пішіп, шешім шығарып, өзімізді Құдайдың рөліне кіргізіп қоямыз. Онда мәнсап жоқ», – дейді Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы.