Батыс Қазақстан облысында туысын өлтіріп, оның денесін үйдің артындағы қоқыс шұңқырына жасырды деген ер адамның ісі сотта қаралып жатыр, деп жазады Democrat.kz.
Іс Жәнібек ауданында болған оқиғаға қатысты.
Айыптау нұсқасы бойынша, екі туыстың арасында жанжал шыққан.
Жанжал кезінде олардың бірі екіншісіне күш қолданып, алған жарақаттарынан жәбірленуші қайтыс болған.
Одан кейін мәйітті үйдің артындағы қоқыс төгетін шұңқырға көміп, қылмысты жасыруға әрекет жасалған деген айып тағылып отыр.
Қазір іс Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.
Сотталушыға Қылмыстық кодекстің адам өлтіру туралы 99-бабы бойынша айып тағылған. Оның кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.