ҰБТ-ға тіркеле алмаған оқушылар ашуланып, шыңғырып жатыр

ҰБТ-ға тіркеле алмаған оқушылар ашуланып, шыңғырып жатыр

Биыл мектеп бітіретін оқушылар үшін басталған ҰБТ тапсырудың сынама тестіне тіркеле алмаған оқушылар әлеуметтік желіні шулатып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде дыбыстық жазбалары тарап кеткен мектеп бітіруші оқушылардың жазбасы елді шулатып жатыр. 

Сыныптың чатында оқушылар мұғаліміне ҰБТ тестіне тіркеле алмай отырғандарын айтады. 

Бірі "ағай, мынау менің қазақ екенімді қабылдамай тұр ғой. Қазақпын десем, тіркеле алмай отырмын" десе, енді бірі "ҰБТ тапсыратыныма өкінемін. Бұл өкінішіміді балаларыма да айтып, тоғызыншы сыныптан мектепті бітіріп кет деп айтамын" деп күйінеді.

Осы чатта тіркеле алмай, әбден ызасы шыққан қыз тіпті айғайлап, шыңғыратыны бар. 

Қазақстандық оқушылар ҰБТ тестінің сынамасына неге тіркеле алмай, қиналып отыр? Бұған қатысты тиісті мекемелерден әзірге ресми жауап бола қоймады. 

Барлық жаңалықтар