Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта жаңа техникалық мәліметтер жарияланды. Сарапшының айтуынша, алғашқы фасад құлағаннан кейін ғимараттың тағы бір бөлігінің опырылу қаупі сақталған және тұрғындарға арнайы шаралар қажет болған, деп жазады Democrat.kz.
10 қыркүйектегі сот отырысында «Астана-Технадзор» компаниясының өкілі Денис Воробьев жауап берді.
Бұл ұйым фасад опырылғаннан кейін тұрғын үйге техникалық қорытынды жасаған.
Сарапшының айтуынша, мамандар ғимаратқа оқиға болған күні-ақ барған.
Алғашқы тексеру кезінде сыртқы кірпіш қаптамасының жағдайы және басқа бөліктердің тұрақтылығы бағаланған.
Сот сарапшыдан тұрғындардың өздері, арнайы мамандарсыз, апаттың алдын ала алатын ба еді деп сұрады.
Воробьев мұндай фасад жүйесін дұрыс бағалау үшін кәсіби техникалық тексеру қажет екенін түсіндірді. Опырылудан кейін де қауіп толық жойылмағандықтан, ғимараттың қалған бөліктерін бекіту және бақылау шаралары керек болған.
Іс бойынша сот әлі жалғасып жатыр.