Қоғам белсендісі, кезінде өзі де әкімдік қызметкері болған, былайғы жұртқа "Төртуыл Шоқан" атымен танымал азамат бүгінгі үндеу жасаған белсенді педагогтардың әрекетін сынап, мәселеге Баспрокуратураның назар аударуы керегін айтты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, өткен аптада кей депутаттар білім бөлімдерін аудандық әкімдік құзіретіне беруді айтқан еді. Осыған байланысты бүгінге дейін пікірталас жүріп, бүгін еліміздің бірнеше белсенді мұғалімі Президентке ашық хат жолдап,
үндеу жасаған болатын.
Төртуыл Шоқан ұстаздардың осы бастамасына қатысты:
"Ұстаздың "ұстаздан" айырмашылығы бар ма?
Мұғалімдер қауымы —діни секталар секілді, қоғамнан бөлініп бара жатқан жоқ па?
Бір кезде "Үй ішінен үй тігуге" рұқсат берген кім, қай орган?
Әлде бұны "уақытында Президент Әкімшілігі прозевать еткен іс" деуге келе ме?
Өздерін мұғалім санайтын алқалы топ президенттің атына күллі мұғалімдер атынан-бек үндеу жариялап, мәжіліс депутаттарының "аудандық білім саласы бюджетін аудан әкімшілігіне қайтару" шешіміне қарсы — "мұғалім қолжаулық емес" деген негізсіз ұран айтып—шырғалаң туғызуда.
Осы оқиғаға қатысты ҚР бас прокуратурсы баға беруі тиіс.
Қоғамның біртұтастығына зиянын тигізуі бек-мүмкін бұл оқиғаға белсене кірісіп алғандарға әуелі ескерту жариялап, әгәрәки, тоқтамаса, қылмыстық іс қозғау керек болар.
Қоғам біртұтас және салалар дамуы да сөзсіз бағыттас болуы керек!
"Ананы істемеймін", "мынаған бармаймын", "мына іс-шараның бізге қатысы жоқ" деу көбейген.
Әркімнің "одеялоны өзіне тартуы" жақсы емес!
Бұл мемлекеттің ыдыруына апаратын төте жол!
Мұғалімді мұғалім ретінде, тұлға, яғни азамат ретінде қорғайтын негізгі төрт заң бар:
1. Атазаң;
2. Білім туралы заң;
3. Еңбек заңы;
4. Мұғалім мәртебесі заңы.
Бұл заңдарды білмеген кез-келген мұғалім не билік құрылымдарының, не астарында өз интерстерін қорғаған алқалы топ жертвосы!"деп
жазды.
Әзірге қоғам белсендісінің бұл жазбасын қолдаушылардан гөрі, қарсы пікір жазып жатқандар көбірек.