"Үш еркек сөз салды": Ляйсира Маратқызы экс күйеуі, өз ұлты, жеке өмірі туралы тағы бір құпияларын ашты

"Үш еркек сөз салды": Ляйсира Маратқызы экс күйеуі, өз ұлты, жеке өмірі туралы тағы бір құпияларын ашты

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқызы таяуда берген сұхбатына қатысты өте нашар пікір жазып жатқандарға жауап беріп, арнайы видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Ляйсира Маратқызы "он жыл бұрын болып кеткен ажырасу оқиғаларын қайталап айта береді" деп өзін сөккен кісілерге: "Мен өткенімді, өткен күндерімдегі бақытты, жаман, жақсы, қуанышты, қайғылы  шақтарымды ұмытсам, онда өзімді де ұмытуым керек қой?! 

Бұрынғы күйеуімнің ескі суреттерін жыртып, қасымда тұрған суреттегі бетін ойып алып тастауым керек пе? Жоқ. Мен олай ете алмаймын. Бәлкім, біреулерге менің өткен өмірімді ұмытқаным аса керек шығар. Жоқ, олай ете алмаймын.

Ал өткен өмірді, ренішті жіберу керек дегенге келсек, ол оқиғалар да эмоция тудырады. Мен жай ғана сырттай бақылаймын. Мен бәрін босаттым.

Балаларың қазаққа ұқсамайды депті. Оны әкесінен сұрау керек онда. Ал мен татар қызымын, қазақстандықпын. 

Күйеуге шығу, әйел бақыты туралы мәселеге келер болсақ, реті келсе, қазір тұрмысқа шығар едім. Биылдың өзінде маған үш еркек сөз салды.

Бірақ әзірге реті болмай тұр.  Бәлкім, менің ешкімді сүйе алмауымның салдарынан болар, мені сүйгендер бар болғанымен, әзірге мен біреуге ғашық бола қоймадым", деп жауап берді. 

"Сіз әлі бұрынғы күйеуіңізді сүйесіз" деген пікірге Ляйсира Маратқызы "ага" деп жауап берді. 

Барлық жаңалықтар