"Завучке ақша аударған": Танымал мектеп директорының әйелі сұмдық мәлімдеме жасады

"Завучке ақша аударған": Танымал мектеп директорының әйелі сұмдық мәлімдеме жасады

Мөлдір Керей әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Әділ Сайлаубекке қатысты бірнеше жазба жариялады. Ол күйеуінің мектепте директордың орынбасары болып істейтін әйелге бірнеше рет ақша аударғанын және балаларымен байланысын бұғаттағанын мәлімдеді. Бұл сөздерді екінші тарап әзірге растаған жоқ деп жазады Democrat.kz.

Мөлдір Керей Threads желісіндегі парақшасында «Үш баланың әкесі – адамның шын келбеті» деген тақырыппен жазба жариялаған.

Ол адамның айналасына көрсететін бейнесі мен шынайы іс-әрекетінің арасында айырмашылық болуы мүмкін екенін айтып, үш баланың әкесіне қатысты жағдайды көпшілікке шығарған.

Мөлдір Керейдің жазбасы: «Үш баланың әкесі – адамның шын келбеті

Кейде адам айналасындағыларға шын мәніндегіден мүлдем басқа болып көрінуі мүмкін. Әсіресе сөз үш баланың әкесі туралы болғанда, мұны түсіну өте ауыр.

Менің мақсатым – біреуді қаралау немесе жалған ақпарат тарату емес. Бірақ адамдар оның айналасына көрсететін бейнесін ғана емес, жасаған әрекеттері туралы шындықты да білуі керек деп есептеймін.

Сөз мектепте директордың орынбасары болып істейтін әйел туралы болып отыр. Менде Kaspi арқылы тұрақты жасалған ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер бар. Күйеуім оған әртүрлі сомада бірнеше рет ақша жіберген.

Бұл жағдай менде жауап алуды қажет ететін салмақты сұрақтар туғызып отыр.

Мен өзгелердің орнына қорытынды жасамаймын. Қолымдағы фактілер мен дәлелдерді тиісті органдарға ұсына аламын.

Адамның шын келбеті сөзінен емес, ісінен көрінеді. Уақыт бәрін орнына қояды».

Мөлдір Керей аталған әйелдің аты-жөнін және қай мектепте жұмыс істейтінін көрсетпеген. Сондай-ақ жарияланған жазбада ақша аударымдарының нақты сомасы, уақыты мен мақсаты ашылмаған.

«Балаларын барлық жерде бұғаттаған»

Мөлдір Керей кейінгі жазбасында Әділ Сайлаубектің әлеуметтік желідегі парақшасын белгілеп:

«Балаларын барлық жерде блокқа қойған адамнан не күтуге болады?!» – деп жазған.

Ол бұл сөзіне бірнеше телефон мен планшет экраны түсірілген фотоларды тіркеген. Көріністерде қоңырау шалу және хабарлама жіберу әрекеттері байқалады.

Алайда бұл суреттер балалардың нақты қашан және қанша уақытқа бұғатталғанын, байланысты кімнің және қандай себеппен шектегенін өздігінен дәлелдемейді. Бұл әзірге Мөлдір Керейдің әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесі болып саналады.

Әділ Сайлаубек кім?

Ашық дереккөздерде Әділ Сайлаубек мектеп директоры ретінде көрсетілген. Ол бұған дейін білім, қоғамдық-саяси және өңірлік мәселелерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына пікір білдірген. Оның мектеп директоры ретіндегі қызметі «Алтай» телеарнасы мен «Астана» телеарнасының материалдарында аталған.

Барлық жаңалықтар