Мұғалімдердің 1,8 млн теңгеден астам іссапар шығыны төленбеген

Мұғалімдердің 1,8 млн теңгеден астам іссапар шығыны төленбеген

Степногорск қаласының мұғалімдеріне 1,8 млн теңгеден астам іссапар шығыны уақытында төленбеген. Бұл туралы Democrat.kz. сайты Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

11 білім қызметкеріне оқудан өтуге байланысты жұмсаған шығындары бірнеше ай бойы өтелмеген.

Прокуратура жүргізген талдау барысында қалалық білім бөлімінің Еңбек кодексінің талаптарын бұзғаны анықталды.

«Аталған заң бұзушылықтар білім саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарының шектелуіне әкелген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, берешек толық көлемде өтелді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Барлық жаңалықтар