«30% үстемақыны алып тастау керек»: Мұғалім БЖБ мен ТЖБ үшін төленетін ақыны сынға алды

«30% үстемақыны алып тастау керек»: Мұғалім БЖБ мен ТЖБ үшін төленетін ақыны сынға алды

Әлеуметтік желіде мұғалімдерге БЖБ мен ТЖБ жүргізгені үшін төленетін үстемақыға қатысты пікірталас туды, деп жазады Democrat.kz.

Білікті ұстаз, тәжірибелі педагог Гүлжазира Бекболатқызы егер БЖБ мен ТЖБ барлық сыныптарда тұрақты түрде өткізілетін болса, мұғалімдердің ай сайынғы жалақысына қосылатын 30 пайыздық үстемақыны алып тастау керек деген пікір білдірді.

Оның жазуынша, педагог-шебер санатындағы мұғалімге бұл бағыт бойынша шамамен 89 756 теңге төленеді.

«БЖБ мен ТЖБ барлық сыныптардан алынатын болса, ай сайынғы жалақыдан 30 пайыздық үстемақыны алып тастау керек. Мысалы, педагог-шеберге 89 756 теңге төленеді», – деп жазды ол.

Алайда пікір қалдырған мұғалімдердің бір бөлігі бұл ұсыныспен келіспеген. Олар 30 пайыздық төлем тек БЖБ мен ТЖБ үшін емес, жаңартылған білім мазмұнының әдіс-тәсілдерін меңгергені және сол жүйемен жұмыс істегені үшін берілетінін алға тартты.

Осылайша, жазба астында мұғалімдердің үстемақысы мен бағалау жүйесінің өзара байланысына қатысты пікірталас өрбіді.

Барлық жаңалықтар