«600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін»: Құрылтай депутаттарының жалақысы жарияланды

«600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін»: Құрылтай депутаттарының жалақысы жарияланды

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының айлығы 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жетеді, деп жазады Democrat.kz.

Депутат Дания Еспаева парламенттік брифингте халық қалаулыларының еңбекақысы еңбек өтіліне байланысты есептелетінін айтты.

Оның сөзінше, еңбек тәжірибесі аз депутаттардың жалақысы шамамен 600 мың теңгеден басталады.

Ал үлкен еңбек өтілі бар депутаттар айына 1 млн теңгеге дейін алады.

Бұл — депутаттың негізгі жалақысы туралы мәлімет.

Бұған дейін депутаттардың парламенттік этиканы немесе ішкі тәртіпті бұзған жағдайда жалақыдан айырылуы мүмкін екені де айтылған.

Салыстыру үшін, Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің медианалық айлығы 2026 жылдың екінші тоқсанында шамамен 348 мың теңге болған.

Демек ең жоғары депутаттық жалақы медианалық еңбекақыдан шамамен үш есе жоғары.

Барлық жаңалықтар