8 наурызда кімдер ақшалай сыйлық алады?

8 наурызда кімдер ақшалай сыйлық алады?

Халықаралық әйелдер күніне орай Астанада бірқатар санаттағы әйелдерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі деп жазады Democrat.kz.


Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 8 наурыз мерекесіне орай шамамен 37 мың азаматқа 2,5 АЕК мөлшерінде (10 813 теңге) бір реттік көмек төленеді.


Ведомствоның хабарлауынша, төлем Астана мәслихатының шешімі негізінде, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бір реттік төлем мына санаттағы әйелдерге беріледі:
Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған аналар;


«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;
көпбалалы отбасылар.
Төлем Әлеуметтік төлемдер орталығының деректері негізінде автоматты түрде аударылады.

 

Барлық жаңалықтар