9 тіл білетін оқушы Астанадан пәтер алды

9 тіл білетін оқушы Астанадан пәтер алды

Павлодарда оқушы қыз тіл үйретіп, Астанадан пәтер алатындай ақша жинаған деп жазады Democrat.kz. Stan.kz.-ке сілтеме жасап.

17 жасында мектеп оқушысы тоғыз тілде сөйлейді. Ол тілдердің көпшілігін өз бетінше үйренген. Сөзінше, материалдарды зерттеп, видео көріп, кітап оқып, жаттыққанның арқасында осындай дәрежеге жетті. Қазір ол әлемнің әр түкпіріндегі адамдарға шет тілдерін үйрететін репетитор болып жұмыс істейді.

Айханым Оқасованың тілдерге деген қызығушылығын анасы оятты. Ол алдымен қазақ тілін үйреніп, содан кейін ағылшын тіліне қызығушылық танытты. Әрі қарай француз әндерін жаттап алды.

Павлодарда тегін корей тілі курстарын ашылды. Кейін курс тоқтап қалды, бірақ тілге деген қызығушылығым қалды. Корей тілін меңгергеннен кейін мен араб тілін, ал араб тілінен кейін қытай тілін үйрене бастадым. Қазір түрік және неміс тілдерін үйреніп жатырмын", – деді Оқасова.

 

Барлық жаңалықтар