Абай Бегейдің орамалын шешкен қызы мәлімдеме жасады

Абай Бегейдің орамалын шешкен қызы мәлімдеме жасады

Жақында орамалын шешкен танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Бегей өміріндегі өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Democrat.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялап, өз жолымен келе жатқанын айтты.
“Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан адаммын. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға алғысым шексіз”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің бұл шешімін қолдап, жылы пікірлерін жарыса жазып жатыр.
"Жас кезінде осылай әдемі боп жүргенге не жетсін", " Ит үреді, керуен көшеді, ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың", "Алла жүрегіңізге хидаят берсін" деп жазды көпшілік.

 

Барлық жаңалықтар