Абай Бегейдің қызы өзіне дуа жасалғанын көрсетті

Абай Бегейдің қызы өзіне дуа жасалғанын көрсетті

Белгілі әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова өзіне біреулердің дуа жасағанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Көптен бері үнсіз ішімде сақтап жүр едім. Соңғы кезде көреалмаушылықтың сорақысын көріп жатырмын.

Қазір камераны қарап түріңді шығарып қоямын. Қорыққпай қалай жасадың? Несібе – Алладан! Құдайдың қазынасы көп, саған да, маған да жетеді, уайымдамай ниетіңді түзе. Саған тиесілі ризық маған кетіп қалмайды, дәл солай маған тиесілі несібе мың дуалап, ақшаңды құртсаңда ешқашан саған бұйырмайды! Алла әділ",– деп жазды ол.

Оның айтуынша, әлдекімдер мейрамхананың ішінде оқылған қағаздар тапқан.

Арада азғантай күн өтіп, үйіскен қалың шаш тапқан, оның ішінен қағазға жазылған жазу мен тебен ине шыққан.

Фото интернеттен.

Барлық жаңалықтар