Абай Бегейдің қызы тағы ұтыс ойнатып, "Қайрат пен әкесін шырқатамыз" деді

Абай Бегейдің қызы тағы ұтыс ойнатып, "Қайрат пен әкесін шырқатамыз" деді

Таяуда ғана заңсыз ұтыс ойнатып, тергеуде болған әнші Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлова тағы да ұтыс ойыны бар іс шараны бастады деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ерке Ниязқұлова Ақтаудағы "Хан империал" мейрамханасында жаңа жылды тойлатып, думандатып өткізетіндерін әнмен шырқап, бұл думанға әкесі Абай Бегей мен Қайрат Нұртастың қатысатынын жеткізді. 

Мұнан бөлек,  жұртты осы думанды кешке шақырған Ерке Ниязқұлова "он айфон мен Дубай қаласы, бес күн бойы ойнатамыз" деп  күйеуі екеуі әндетіп, шырқады. 

Билет бағасы да арзан емес көрінеді. Ерке Ниязқұлованың оқырмандары билеттің ең арзаны 35 мың теңге екенін жазуда. 

Бұл жолғы ойындары қаншалықты заңды, оны бір Абай Бегей мен оның қызы біледі. 

Алайда ең өкініштісі деп, "барамыз!", "керемет болды, қалмай, барамыз!" деп шуласқан жұрттың ешқандай қателіктен сабақ алмағаны деуге болады. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар