Адвокат "мәселені шешем" деп миллиондап ақша алған

Адвокат "мәселені шешем" деп миллиондап ақша алған

Ұлытау облысында заң мен этиканы аттап өткен адвокаттың басы дауға қалды. Ол өз клиентін алдап, аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін темір торға тоғытылды деп жазады Democrat.kz. сайты Aigak.kz.-ке сілтеме жасап. 

Адвокат қылмыстық іске іліккен азаматтың анасына көмек ұсынып, ұлына қатысты істі тоқтатып беретініне сендірген. Ол бұл мәселені «лауазымды тұлғалар арқылы шешетінін» айтып, пара беру үшін әйелден 31 миллион теңге талап еткен.

Алданған әйел ұлының болашағы үшін ақшаны толық бергенімен, адвокат ешқандай мәселені шешпеген.
Жезқазған қалалық соты бұл істі егжей-тегжейлі қарап, келесідей үкім шығарды:
• Адвокат алаяқтық және пара беруге итермелеу баптары бойынша кінәлі деп танылды.
• Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
• Жазаға қосымша ретінде, оған 5 жыл бойы заңгерлік және адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Бұл жағдай құқық қорғау саласындағы мамандардың да заң алдында тең екенін және «жең ұшынан жалғасқан» сыбайлас жемқорлықтың соңы ауыр болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Барлық жаңалықтар