Оқиға 9 маусымнан 10 маусымға қараған түні болған. HALYQSTAN тілшісінің анықтауынша, жасөспірім қыз бен оның інісі арасында жеке заттарға байланысты жанжал туындаған деп жазады Democrat.kz
Көп ұзамай ол төбелеске ұласып, қыз қолына пышақ алып, інісін жарақаттаған. Куәгерлердің айтуынша, баланың маңдайында сызат болған.
Анасы балаларды ажыратып, қызын бөлмесіне жіберген. Оны сабырға шақыруға ағасы мен әжесі тырысқан. Алайда қыз қатты күйзеліске түсіп, жылап, айқайлап, заттарды лақтырып, жақындарымен сөйлесуден бас тартқан.
Кейінірек қыздың денесі тіршілік белгілерінсіз табылған. Ол ауладағы душ бөлмесінде асылып қалған.
Аталған факті бойынша «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.