Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Айгүл Иманбаева осы күнге дейін ешкімге айтпаған, басынан өткен тылсым жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Әнші Айгүл Иманбаева өзінің бойында бар ерекше қасиет туралы журналистке айтып берді. Айтуынша, әнші түрлі оқиғаларды алдын ала көреді екен.
"Мұны ешкімге бұған дейін айтпағам. Күнделік жазамын. Алда кішігірім мемуар етіп шығарармын.
Осыдан он бес жыл бұрын анаммен Қатонқарағайда демалып жатқанымда, күнделігімді алып, тауға жалғыз шығып кеттім.
Айта кетейін, анамның шешесі үлкен көріпкелдігі болған кісі. Бала күнімізде сол апамыздың ауласы құжынаған кісі болатын. Тылсым дүниені сезу, көрі менің мамада да болған.
Сол дүние он бес жыл бұрын менде пайда болды. Айттым ғой, күнделігімді алып, тауға кеткенімде, көз алдыма әлдебір суреттер пайда бола бастады.
Сары гүл бағы, ішінде қыз бен жігіт. Қыз жігіттің алдында жатыр. Жігіттің алдында жатқан мен екенмін.
"Кто ты?"деп сұрадым. "Я твой будущий муж"дейді. "Когда ты будешь готова, приду" дейді. Сол көріністі сөзбе сөз күнделігіме жазып қойғанмын.
Сол күннен соң, арада он жыл өткенде, сондай картиналар тағы келе бастады. Сондағы көретінім, Америка, Нью Йорк, Атлант мұхиты, ресторан, оның ішінде мен отырмын.
Қарсымда қараторы жігіт отыр. Жігіт гүл береді, "маған тұрмысқа шығасың ба?"деп, саусағыма сақина тағады....",деген Айгүл Иманбаева осы көріністі бірнеше рет үздіксіз көргенін айтады.
Мұнан бөлек, Айгүл Иманбаева тіпті сұхбаттасып отырған журналист Аман Тасығанға қарап отырып та, оның артқы жағында әлдебір оқиғаларды көріп отырғанын айтты.