Айман Сағидулла әріптестерінен сүйінші сұрап жазба жариялады

Айман Сағидулла әріптестерінен сүйінші сұрап жазба жариялады
Белсенді ұстаз Айман Сағидулла әріптестерінен сүйінші сұрап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Нысаналы мектеп" мәселесінде сатып кеткендер мен қойған қолдарын қайтып алғандар не айтар екен?
"Қолымды тізімнен алып тастамасаңыз сотқа беремін!"-деп қорқытып қоңырау шалғандар бетімізге қалай қарайды екен?
 
Бір мұғалім сұрақ қойып еді.
Министр: "Сендер маған тоқтаттық дедіңдер ғой,"-деп вице министрге қарады.
Нысаналы мектептің заңсыздығын айтқан жалғыз шенді осы Жұлдыз ханым еді.
Министрлікке келген бойда заңсыз жобаны тоқтатқан ғой.
 
Әріптестер! Нысаналы мектеп тоқтады. Құтты болсын!
Айтпақшы ,біреулер бізді өсектеп жатыр екен. 
"Ғани кездеспей қойғандар,"-депті. 
Ғани келген бойда шақырды. Мен барудан бас тарттым. Мейіржан да бас тартты.
 
Белсенділердің арасында бармаған екеуіміз ғана.
"Жұлдыздың қолынан ұстап алыпты,"-депті тағы біреуі .
Иә, мен Жұлдыз Сүлейменова ны қолдаймын!
 
Аяғынан шалатындар болса, құлата алмасын деп әдейі қолынан ұстап тұрмын.
Ғанидың қолдаушылары !
Не айтсаңдар айта беріңдер. Не ойласаңдар ойлай беріңдер.
 
Маған бәрі бір.
Бастысы министр жақсы адам.
"Шай ішкіштер,"-депті тағы біреуі. 
 
Мен шай ішкенді тоқтаттым. Денсаулыққа зиян екен. Қазір су ішіп жүрмін.
Мына суретті қарасаңыз үстелде су тұр. Су берді министр.
Askhat Aimagambetov кесемен шай қоятын еді, Соны айтып отырсыңдар ғой. 
Жұлдыз біздің суға көшкенімізді білген ғой. Су қойды.
"Шай ішкіштер" деген сөзді "Су ішкіштер" деп ауыстыра салыңыздар. Су да сатылып алынады ғой. 
 
"Менің төлеген салығымнан ұшаққа отырдың,"-деп еді біреу.
Ешкімнің салығынан ақша алған жоқпын. Іс-сапар шығынында ұшаққа ақша төленбейді. Сауаттырақ болған дұрыс.
 
Өз ақшама келдім. Естеріңізге салып қояйын.
Автобуспен келіп, таксимен қайттық. Оған да ақша төленбейді. 
Жұлдыз ханым! Жолдан шаршадық.
 
Келесі жолы онлайн кездесу жасасаңыздар.
10 адамнан бөліп.
Солай дұрыс болар.
Су да ,шай да ішпейміз.
Мұғалімдердің салықтан төлеген ақшаларына ұшаққа билет алмаймыз"деп жазды Айман Сағидулла. 
Барлық жаңалықтар