"Әкем қазақша сөйлемегенім үшін ұратын" дейді депутат

"Әкем қазақша сөйлемегенім үшін ұратын" дейді депутат

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза мемлекеттік тілге қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желі парақшасында жариялаған жазбасында депутат мемлекеттік тілдің және балаларының болашағына алаңдайтынын жеткізді. "Қазақ тілін қорғайтын жандардың 90% орысша нашар сөйлейтін немесе орысша мүлде білмейтін адамдар. Бүгін бір орыстілді танысым: “Саке, ты же двуязычный, зачем %опу рвешь?” деді.
Біраз ойландым, мен %опамды рвать ететін себебім, балаларымды ертең біреу кездестіріп “Еее сен Самат Нұртазаның ұлысың ба?” дегенде “Здрасьте” деп айта ма деп қорқады екенмін. Біреуге бәрібір. Өлді-кетті. Ары қарай по-барабану. Ал мен осындай құндылықпен өмір сүремін. Маған 2060-2080 жылдардағы сөз маңызды. Мүмкін мен қияли шығармын, мүмкін менікі максимализм шығар, бірақ сондаймын енді …
Көп адам білмейді, бірақ көпшілік пір тұтып, кумир санап жүрген жандардың балалары қазақша білмейді. Біразін көріп жүрміз, әкесі “Тіл-тіл-тіл” деп қолын сермеп жүрсе де, балалары “Я понимаю, но не говорю” деп жауап береді. Кезінде әкем қазақша сөйлемеген үшін мені ұратын, қолына түскен зат ұшатын … қазіргі заманда “рукоприкладство” деп оны соттатып жіберер еді. Бірақ сол ұрғанның арқасында, Семейдің қалың дүбәрә орысының арасында қазақша сөйлеп шықтым. Жалпы осы тіл мәселесінде өзімді парадоксалды адам деп санаймын. Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Атырау жақтың қазақтары орыс көрмей өсті. Кейбіреулері қала көргенде ғана орыс көрді. Оларға жеңіл - олардың базасы қазақша болды. Ал менің досым орыс, көршім орыс, класстасым орыс болды. Кейде “Чужой среди своих - свой среди чужих” деген сөз мен туралы айтылған сияқты көрінеді. Бірақ Әкем немерелеріне “қазақша сөйле” демейді, айқайлайтын жаман Адам рөлінде өзіммін" деп жазды депутат Самат Нұртаза. Фото интернеттен.
Барлық жаңалықтар