Алагөзовтің экс әйелі Жұмабек Жанықұловтың экс әйелі туралы жұрт білмейтін сұмдықты жайып салды

Алагөзовтің экс әйелі Жұмабек Жанықұловтың экс әйелі туралы жұрт білмейтін сұмдықты жайып салды

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқызы отбасыларды бұзып, балалардың жылауына себеп болатын көңілдес әйелдер мен отбасына опасыздық жасайтын еркектер туралы өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz. 

"Қоғамға бәрібір емес... Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Нәзираның сұхбатын тыңдап, оған қатысты жазылған пікірлерді де оқып шықтым. Көпшілік Нәзираны кінәлап, мынадай сұхбат бергеніне наразылық танытуда. 

Ұйып отырған отбасының шырқын бұзып, неменеге сұхбат бердің деп кінәлауда.

Бұл мәселеде өз басынан өткен тәжірибелі сарапшы ретінде айтарым, Нәзира бұл ауыр жолдардан жылдар бойы қиналып, әрең жүріп өтті. Өз жігерін қолға алып, бар күшін жинап, сұхбат бере алды. 

Тағдырым мені кезінде Ақан Сатаевтың қазіргі әйелі Альмираның бұрынғы күйеуі Артурмен дос болдым. Артур қандай бақытты еді, әйелін қалай сүйетін. 

Мен Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі Жаннаны танитынмын. Күйеуі басқа әйелмен кеткен уақытта Жанна бес баласымен, онкологиялық дертке ұшырап, күнін санаған анасымен жалғыз қалды. 

Бұларды мен адалдық пен сенім артқан адамның қандай қиындыққа ұшырағанын түсінетін оқырмандарым үшін жазып отырмын.

Мен сиқтылар, біз тіріміз! Демек, екінші ойын басталды! Махаббат пен сәулеге толы екінші өміріміз басталды!"деп жазды Ляйсира Маратқызы. 

Орысшадан аударып, дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

Барлық жаңалықтар