Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан "Қазақстанда туризм қайдан дамиды?" деп Алакөлге қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Жетісу облысы, Алакөл ауданы, "Үшбұлақ" ауылы тұрғындары Алакөлге құятын "Қызылтал" өзені басында шошқа бағып—табиғатты лаңдаған жалғыз орыстың заңсыз кәсібін тежеуге күйлері келмей отыр.
Бұның "Қаратас" шаруа қожалығында 100 ден асқан шошқасынан басқа, байлар мен барларды, шетелдіктерді заңсыз аңшылыққа шығаратын "интерохота" кәсібі бар дейді.
Теке, Марал, Бұлан, Арқар, Елік, Барыс, Аю, Борсық, Суырға бай өлкеде бір шетелдікке бір Теке аттырған мөлшермен 5 млн теңгедей тұрады.
Барыс, т б аң бағасын жазбай-ақ қояйын.
Астына мініп алған Баггиі 20 млн теңге, көріңдер әне.
Жергілікті халықты менсінбей боқтап, қоқан—лоқы көрсетіп жүр.
Ең қиыны, басынан бұл лайлап отырған шағын өзен Алакөлге Көктұма тұсынан құяды.
Жетісу облыстық әкімдігінің жұмысына бұрыннан көңілім толмайды.
Үшарал аудандық әкімі кім екенін білмесем де, мұрнының астында болып жатқан оқиғаны көрмегенінен—жұмыс істемейтін шенеуік екен десе болады.
Аудан біркездері ІІ бөлімі басшысы— Мәсімовтың туған бауыры басқарған заманда қалып қойған сияқты.
Қазақстанда "Жаңа Қазақстанның" құрылып жатқанын Үшарал ауданының әкімдері әлі білмесе керек. ![]()
Мына жағдайды Жетісу облыстық прокуратурасы тексеруі керек.
Жергілікті халық "учаскелік инспектордан қайран жоқ, жалғыз орыс бәрін сатып алған" дейді" деп жазады Төртуыл Шоқан.