Әлемдегі ең ықпалды наркобарон өмір бойына сотталды

Әлемдегі ең ықпалды наркобарон өмір бойына сотталды

Синалоа картелінің негізін қалаушылардың бірі Исмаэль «Эль Майо» Самбада АҚШ сотының үкімімен өмірінің соңына дейін түрмеде отырады. Нью-Йорктегі федералдық сот мексикалық есірткі бароны Исмаэль «Эль Майо» Самбаданы өмір бойына бас бостандығынан айырды деп жазады Democrat.kz.

76 жастағы Самбада ондаған жыл бойы Синалоа картелін басқарған негізгі тұлғалардың бірі саналады. Ол 2025 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құру, есірткі тасымалдау және қылмыстық кәсіпті басқару бойынша кінәсін мойындаған.

Айыптау деректеріне сәйкес, картель АҚШ пен басқа елдерге өте ірі көлемде кокаин және өзге де есірткі жеткізген. Судья қылмыстық ұйым қызметінің ауқымы мен онымен байланысты адам өлімдерін атап өтіп, өмір бойғы жазаны бекітті.

Самбада сотта өкініш білдіріп, жастарды өзінің жолын қайталамауға шақырған. Оның кінәсін мойындауы ұзақ сот процесін және өлім жазасына кесу қаупін болдырмады.

Ол 2024 жылы Хоакин «Эль Чапо» Гусманның ұлдарының бірімен бірге АҚШ аумағында ұсталған. Кейін Гусманның ұлы Самбаданы күштеп ұшаққа отырғызып әкеткенін мойындаған. Бұл істің барлық мән-жайы бойынша сот процестері әлі аяқталған жоқ.

Барлық жаңалықтар