Алматыда колледж тәмамдаған тәлімгер көптің көзінше дипломын жыртып тастаған,деп жазады Democrat.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жігіттің мұндай әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Көпшілігі мұны ұстазға, білімге және оқу орнына деген құрметсіздік деп бағалады.
Кейін бұл Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжіндегі жағдай екенін белгілі болды. Тексеру барысында түлектің тек алдын ала өзі дайындаған, сыртқы көрінісі дипломға ұқсас мұқабаны жыртқаны анықталды. Енді полиция органдары тарапынан қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданбақ.