Санасы бар адамның ақылына сыймайтын дүниелерді жиі айтатын уағызшы Жарқын Мырзатай тағы да бір үндеу жасап, жұрттан сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
Діндарға сенеск, жыл сайын 31 желтоқсанда қылмыстың түрі көптеп жасалатын көрінеді.
"Жыл сайын дәрігерлер, полицейлер 31 желтоқсанда күшейтілген режиммен жұмыс істейді. Себебі дәл сол күні қылмыс өте көп болады.
Мемлекетіміз бұл күнді мейрам десе, біз оған қарсы шықпаймыз. Бірақ ешкімге бұл түнді тойлау міндетті емес. Ешкім тойламадың деп штраф салмайды.
Жаңа жылды қарсы аламыз деп ішіп алғандар түрлі қылмысқа барады. Түсінген кісіге 31 желтоқсан қаралы күн. Өйткені бұл күні кісі өлімі де көп болады" дегенге саятын дүниелерді айтқан Жарқын Мырзатай жұртқа жаңа жылды қарсы алуды думандатып, тойламауға шақырды.
Өзі секілді ақыл деңгейі бірдей кісілер әрине, діндардың бұл үндеуіне бас шұлғып, "дұрыс" деп пікір жазуда.
Әйтсе де, зайырлы елдің саналы азаматтары Жарқын Мырзатайдың бұл видеосының астына "сен кім едің, мемлекеттік мерекені тойлама дейтін?", "Қаралы күнді айтқыш болсаң, Қаңтар оқиғасында қайда қалдың", "қағбаны айналып, қаншама кісі мыжылып өледі, неге оны қаралы күн демейсің", "сауатың болса, әріп танысаң, жаңа жыл мерекесінен басқа жай күндері де қаншама қылмыс боп жатқанын білер едің", "бұлардың арманы бүкіл кісіні қара түнекке түсіру", "ол күні алланың қалауымен қуамыз ғой" деген пікірлер жазып, діндарды сөзбен сойып тастады. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіретін арсыз сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)