Алматыда Қайраттың концерті үшін қатаң шаралар қабылданбақ

Алматыда Қайраттың концерті үшін қатаң шаралар қабылданбақ

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Полиция Орталық стадиондағы концерттің алдында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Нақтырақ айтсақ, кептелістің алдын алу үшін бірнеше көше жабылатын болды.  

«Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Концерт бүгін, 31 қазан күні кешке болады.

Барлық жаңалықтар