Алматыдағы сұмдық жол апаты: Адвокат марқұм қызға қатысты тылсым жағдайды айтты

Алматыдағы сұмдық жол апаты: Адвокат марқұм қызға қатысты тылсым жағдайды айтты

21 наурызға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ауыр жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатын. Осы іс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болатынын мәлімдеген Мейірман Шекеев марқұм қызға қатысты тылсым оқиғаны айтты деп жазады Democrat.kz.

"Маған резонансты жөл көлік оқиғасынан қайтыс болған қарындасымыздың ағасы көмекке жүгініп, бұл істі мен өз өндірісіме алдым.

Құмар соңғы күні үйден шыққанда, иті бір нәрсені сезгендей көлігінің алдына тұрып алып, жібермей қойған екен.
Әрең дегенде ысылып шығып кеткен екен.

Кейін ағасының айтуынша, сол ит қаза болып, бірнеше сағаттан кейін қарындасынан айырылыпты.

Бұл оқиға көптің қабырғасын қайыстырған соң, мен бұл іске тегін көмек беруге бел будым. Өйткені бұл бір отбасының емес, қоғамның қайғысы. Құмардың анасының жағдайын көру маған оңай болмады. Құмардың ағасы күдіктіні кешірмеймін, себебі кешірсем ол басқада адамның өмірін қиюы мүмкін ғой дегенді жеткізді. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.

А, айтпақшы кешірім сұрауға күдіктінің әкесімен бірге келген әкім сен кімсің? сені ертең жариялаймын. Сенің мұнда қандай қызығушылығың бар?

Қалған жәбірленушілердің туыстары жақын арада бізге келетінін жеткізді. Қолдап отырыңыздар, себебі сол жәбірленушілердің орнында кез келгеніміз не кез келгеніміздің жақындарымыз болуы мүмкін еді. Яғни бұл қаза болғандар сіздермен біздердің болашығымыз үшін қаза болды!"дейді адвокат Мейірман Шекеев. 

Барлық жаңалықтар