Әнші Айжан Нұрмағамбетова өзінің кезекті сұхбатында жеке өміріне қатысты ел білмейтін құпиясымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Жас кезімде, үш жыл бір жігіт артымнан қалмай жүрген. Оны тастап, бірінші жолдасыма үш айда ғашық болып, тұрмысқа шыққанмын.
Тұрмысқа шығып, балалы болдым. Бірақ көп тұрмадық. 3-4 жылдан соң ажырасып кеттік. Сонда әкем "мен сияқты азаматты іздеме, ондай адам жоқ шығар" деп еді. Расымен де солай шықты.
Ал қазір қасымда жүрген, қырық жыл жүрген жодасым, ол екінші күйеуім.
Бірінші тұрмысқа шығарда, анам "жассың ғой, асықпа" деп талай ескертіп еді. Сонда "мен оған ғашықпын" дегеніме анам "сенен ондай сөзді күтпеп едім. Сені өзінен бақаға ғашық болады деп ойламаппын" дегені бар еді", деген әнші қазіргі қырық жылдан бері жанында жүрген еркектің екінші күйеуі екенін айтты.