Қазақстандық әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің репертуарындағы танымал әндердің бірі туралы жазба жариялап, тыңдармандармен ой бөлісті. Өнер иесі белгілі туындыны орындап жүргеніне ұзақ уақыт болғанын атап өтті деп жазады Democrat.kz.
«Құралай Сәтмұхамедова әпкеміздің “Аппақ гүлдер” әнін орындап жүргеніме де 30 жылға жуықтапты. Көбі іздеп тыңдайтын болғаны ғой, репертуардан түспей тұрғаны. Соңы кейбіреулер “басқа әні жоқ па?” дегендей ыңғаймен мұқатқысы келеді екен. Аллаға шүкір, жүздеген әнді жарыққа шығардым. Ақын-композиторлар әлі де ең керемет туындыларын ұсынып жатады. Сонда да көпшілік “Аппақ гүлдерді” сұрайды», - деді ол.
Сондай-ақ әнші халықтың сұранысы әрдайым маңызды екенін айтып, өнер жолындағы басты бағыттың да сол екенін жеткізді.
«Халық қаласа ханның өзі соңғы түйесін соймай ма?... Біз халықтың ықыласынан асып қайда барайық? Әрине, шырқаймыз, әлі де шырқай береміз! Бұл – әннің бағы ғой!», - деп түйіндеді әнші.