Әнші Ерке Есмахан "бәленің бәрі..." деп ескерту жасады

Әнші Ерке Есмахан "бәленің бәрі..." деп ескерту жасады

Әнші Ерке Есмахан "Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады" деп жұртшылыққа ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген сөздің мағынасын біздің жанҰяға қарап түсіне берсеңіздер болады! Шүкір!

Өзім, өнерім, күйеуім, отбасым туралы сөз, өсек, сын, мінді тым көп естіген адам ретінде түйгенім: не болса да бәрі бір Алланың қалауымен ғана болады. Ол - Білуші! Ол - Бұйырушы! Ал адамдардың сөзі - жәй ғана шу.

Айтайын дегенім, қазіргі ақпаратқа лық толы ғаламторда сөзге де, көзге де сақ болыңыздаршы. Басқа бәленің бәрі тілден. Артық пікір айтудан аулақ болыңыздар! Өзіңіз үшін, ұрпағыңыз үшін! Өтініш.

Бақытты болайықшы" деп жазды әнші.

Барлық жаңалықтар