Әнші Жігер Ауыпбаев өзін қарғап, "педофил" дегендерге жауап берді

Әнші Жігер Ауыпбаев өзін қарғап, "педофил" дегендерге жауап берді

Әнші Жігер Ауыпбаев қоғам тарапынан өзіне тағылып жатқан сынға қатысты алғаш рет жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында әнші: "Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ…!

Біреуі “педофил…” дейді,
Біреуі “теңің емес…” дейді,
Біреуі “папасы сияқты…”дейді,
Біреуі қарғайды…

Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен,ардан безіп,Құдайдың қаһарынан аттап өтіп сырттан сиқыр жасайды…

Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббатымен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер.

Хейт жаза беріңіздер…
Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер…

Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер.
Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін", деп жазды. 

Оқырмандары тарапынан бұл жазбаға да сыни жауап жазып жатқандар бар. 

Барлық жаңалықтар