«Qanay» лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасындағы ауыр қайғыны жұртпен бөлісті, деп жазады Democrat.kz
Әншінің айтуынша, оның әкесі дүниеден өткен. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
«Бұл 33 жас мен үшін қайғылы жас болды-ау… Кенже балаңның қасына асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анама бірден айта алмадық. Әуелі ауылға ұшырып жібердік. Атырау мен Құлсарыға жеткен соң айтамыз деп шештік. Әкемнің өзі де соңғы кезде әрең қозғалып жүрген еді», — деп жазды әнші.
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтқан болатын. Бұл отбасының басынан өткен екінші ауыр қаза.