Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа кезекті бір сұхбатында әпкесі Роза Әлқожаға қатысты айтамын деп жұрттан оңбай сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұрттың "әпкесінің арқасында көтерілді" деген сөзін жаратпайтынын білдіріп:
"Концертімде Роза әпкемді көрерменнің арасына отырғыздым. Себебі жұрттар "әпкесінің арқасында көтерілді" дей береді ғой. Көрсін дедім.
Адамға талантты Алла береді. Роза соншалықты мені көтеріп жіберетіндей, мықты болса, көтергіш болса, менен басқа да бауырлары бар ғой.
Розадан емес, Алладан ғой бәрі. Оның жасағаны жай ғана бауыры үшін жасаған еңбегі", деді.
Десек те, жұртқа Әбдіжаппардың сөздері жақпай қалды. "Роза болмаса, көтерілмес едің", "не деген көргенсіз", қателестің, әпкеңнің арқасында", "сені жұрт Роза арқылы таныды", "ей, қу дүние", "рақметі жоқ" дегенге саятын пікір айтуда.