Ақбота-Нұрдың сүйіктісі кім екені белгілі болды

Ақбота-Нұрдың сүйіктісі кім екені белгілі болды

Бірнеше күннен бері танымал актриса АқботаНұрдың жаңа сүйіктісі пайда болғаны туралы әлеуметтік желі шулап жатыр деп жазады Democrat.kz.

Жұрт шуламас па еді, кім білсін, егер Ақботаның өзі интрига жасап "жаңа сүйіктім бар, жақында көрсетем" демесе.

Ақбота солай деген соң, ел тыныш жатсын ба, актрисаның сүйіктісі болуы мүмкін деген кандидаттардың әлеуметтік желі парақшаларын ақтарып, іздестіру жұмысына қызу кіріскен сыңайлы. 

Кеше Threads желісінде "Ақботаның сүйіктісі кім екені" мәлім болды. Әсия есімді желі қолданушы актрисаның сүйіктісі болуы мүмкін кісінің суретін жариялады. 

Суретте Бағдат Сейіт пен Ақботаға ұқсайтын қыздың бейнесі бар. 

Желі қолданушылар Ақботаға бақыт тілеп, бұл жолы сүйгенін адаспай тапса деген тілегін білдіріп жатыр. 

Барлық жаңалықтар