АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы жарияланды

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы жарияланды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын құттықтады. Ол екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалап, Қазақстанмен қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты «тегеурінді әрі батыл көшбасшы» деп атап, Қазақстанның мәдениеті мен тарихи мұрасына жоғары баға берді, деп жазады Democrat.kz.

"Құрметті Президент мырза!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!

Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді.

Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін.

Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе." деп жазды Трамп

Барлық жаңалықтар