"Ақша жібер!" деп айғайлаған дауысын жариялаймын!" деген заңгер министрге үндеу жасады

"Ақша жібер!" деп айғайлаған дауысын жариялаймын!" деген заңгер министрге үндеу жасады

Шымкенттегі Жоғары медициналық колледжде болып жатқан былықтар туралы айтқан заңгер Айгүл Орынбек Оқу ағарту министріне сауал жолдады деп жазады Democrat.kz.

"Шаукатова Надира Тимуровна – Шымкент Жоғары медицина колледжінің 4-курс түлегі.

Ол өзінің грант негізінде оқып жатқанын алғаш рет менен естіп, шок болғанын жасырмады. Тіпті ресми тіркеуде мүлдем басқа мамандық бойынша оқып жүргені белгілі болды.

Министір Ғани Бейсембаевқа сұрақ:

Дипломды қай мамандық бойынша береді?

Қай бағдарламада оқыды деп көрсетіледі?

Бұдан да сорақысы – Надира төрт жыл бойы ешқандай шәкіртақы алмаған.

Ал шын мәнінде, ол оқу басталған кезде ай сайын 21 мың, соңғы курстарда ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы алуы керек еді.

Осы жылдар бойы бұл қаржы Эльмира Дүйсенқызының қалтасына түсіп отырған!

Ал колледжді құдағиы Ербакиева Нұргүлге жазып қойып шетел асып, қос құдағи тайраңдап қыдырып жүр!

Эльмира бұл ақшаны «мен алған жоқпын» деп айта алмайды. Өйткені «ақша жібер», «түсті ма» деген нақты дыбыстық жазбалар бар!

Егер Шымкент қалалық білім басқармасы мен әкімдігі бұл қылмысты тағы да жасыруға тырысса – Эльмираның айғайлап “ақша жібер” деген даусын сендер үшін жариялаймын!

Ал Шымкент Жоғары медицина колледжінде оқып жатқан студенттерге үндеу:

Егер сіз де грантта оқып, шәкіртақы алмаған болсаңыз – қорықпаңыз!

ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) шақырса, квитанцияларыңызды алып барып, түсініктеме беріңіз. Колледж басшылығының үстінен арыз жазып кетіңіз!

Президент әкімшілігіне сауал:

Сіздер осы қылмысты ашуға тиісті органдарға нақты тапсырма бересіздер ме?

Әлде бәрін қоғам алдында жария етіп отыра беруіміз керек пе?" деп жазды Айгүл Орынбек. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар