Ақтаулық діндар Әлихан Тасмұхан студент кезінде Бахытгүл Хаменовадан көрген "әділетсіздікті" айтып, оған нала болғанын жеткізді деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Бахытгүл Хаменова кезінде елбасыға елжіретер сөз арнап, артынша қызметте көтерілген келіншек. Өкінішке қарай, арада көп өтпей, Хаменова істі болып, сотталып кеткен еді.
Діндар Әлихан өзіне осы Хаменованың бір кездері тізесі батқанын айтып: "Кезінде колледжде оқып жүргенімізде, Хаменова сол колледждің басшысы еді. Үзілістің кезінде намаз оқығанымыз үшін осы Хаменова бізді ұстап алып, үстімізден арыз жазып, полицияға хабарлап, бізді кінәлі адамдай еткен еді.
Сол кезде оған ренжіп "Алла жазаңды берсін" деп ренжіп едік. Бізді дәп бір террорист сияқты етіп еді. Бұлар намазға қарсы болған еді. Әйтпесе намаз оқитындай етіп колледжде жағдай жасауға болады ғой" деген намазға, Аллаға қарсы шыққандар "осылай" тәубесіне келетінін айтты.
Оқырмандарының бірі "колледжде намаз оқуға болмайтынын" айтқанымен, діндар жігіт пен оның басқа жақтастары Қазақстан мемлекетінің діни мемлекет емесіне пысқырмады да.