Танымал қоғам белсендісі Аслан Бейсембек әлеуметтік желіде уағыз айтқан Нұрсұлтан Рысмағамбеттің кезекті "өтірігін" ашып, сынап тастады деп жазады Democrat.kz.
"Пайғамбар с.ғ.с мүрдесі үш күн бойы жерленбей қалып қойған. Қазақта мәйітті үш күн бойы сақтап қою содан шықса керек. Негізі пайғамбар мәйітті тезірек жерлеуді бұйырған"дейді уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбет.
Уағызшының осы мысалына қатысты тиктокер Аслан Бейсембек: "Мұндайларыңды қойсаңдаршы! Қазақ мәйітті үш күн күттірудің пайғамбармен қатысы жоқ. Бәрін айналдырып, қазақтың дүниесін арабқа апарып тіреуді қойсаңдаршы!
Мәйітті жерлеудің қазақы ұстанымы дегенді неге айтпайсыңдар?
Бір күні қазақтың үш күндік, жетісі, қырқы, жылдығы деген астарды да арабтардан шыққан дейтін шығарсыңдар?!
"Араб жауға "аруақ!" деп шапқан" деп отырсаңдар, таңғалмайтын шығармыз" деп ренішін білдірді.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.