Жанна Сәкен атты тиктокер қыз бірнеше уақыттан бері Сауд Арабиясына кетіп, сол жерде арабпен отау құрғанын, ол жақтағы өмірінің ерекшеліктерін жарнамалап жүр деп жазады Democrat.kz.
Астанадан арабтың шөл даласына қашан, қалай кеткенін айтып, әр күнінен бір видео жариялайтын Жанна Сәкен араб еркектерінің ерекшеліктерін тізіп айтудан жалықпайды.
Өзі арабтың екінші бейресми әйелі екенін жасырмайтын Жанна: "Арабтың әйелі болсаң, олар әйелге жұмыс істетпейді. Үйде қызметшің болады. Араб еркектері сыйлық әпергіш, жомарт.
Он мың доллар махр береді. Араб еркектері отбасы үшін жанын салады. Тапқанын үйге тасиды"деп, "ғажайып" өмірінен күн сайын жарнама жасап жүр.
Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.