Ардақ Назаров биографиясын неге өзгертіп тастады?

Ардақ Назаров биографиясын неге өзгертіп тастады?

Ардақ Назаров Парламенттегі ресми парақшасындағы және «Параграфтағы» жеке мәліметтерін өзгертіпті деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова өзінің парақшасында жазды.

"Депутаттың түзетілген биографиясында оның құрылыс колледжін бітіргені көрсетіліпті. Сонымен қатар ол колледжде расымен оқығаны анық сияқты, өйткені бір жігіт Ардақ Назаровты колледжде көргенін айтады.

Колледжді бітірген соң, Ардақ Назаров еш жерде жұмыс істемегені қалай? Қайтіп күн көрген? 

Көп балалы отбасыдан, ауылдан шыққан жігіттің қалада жұмыссыз қалай күн көргені белгісіз. Әкесі қарапайым мұғалім, анасы есепші қызметін атқарған екен.

 2009 жылы Көлік қатынастары университетінің бакалавриатын бітірсе, онда ол жерге  2005 жылы түскен болуы керек қой? Яғни 25 жасында. 

Сонда 25 жасына дейін Ардақ Назаров немен шұғылданған?" Деп сауал тастаған Гүлбану Әбенова депутаттың түзетілген биографиясында магистратураны бітіргені туралы ақпарат көрсетілмегенін айтады. 

 

Барлық жаңалықтар