Ардақ Назаров дипломсыз депутат болып жүр ме?

Ардақ Назаров дипломсыз депутат болып жүр ме?

Қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова бірнеше күн бұрын депутат Ардақ Назаровпен бірге оқыған курстастарына іздеу салған еді. Осы мәселеге байланысты қоғам белсендісі мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Алты күн бұрын депутат Ардақ Назаровтың курстастарына іздеу салып, жазба жариялаған едім. Өкінішке қарай, бүгінге дейін ешбір адам "Ардақтың группаласымын" деп хабарласпады. 

Алайда Парламенттің ресми сайтындағы өмірбаянында, Википедияда оның ірнеше университетте білім алғаны туралы мәлімет көрсетілген" деген Гүлбану Әбенова депутаттың бір жылда бірнеше университетте қатар оқығанын, педагогикалық білімі жоғына қарамастан, спорт мектебінде сабақ бергенін айтады. 

Сонымен қатар Гүлбану Әбенова өзінің жазбасына оқырмандары жазған түрлі пікірлерді алға тартып: "Оқырмандарымның басым бөлігі "Ардақ Назаров дипломды не сатып алған, не сыйға алған болуы мүмкін" деген болжамдарын жазуда.

Олай болса, Ардақ Назаров жоғары білімі болмаса, экономика және құқық негіздерінен тәжірибесіз болса, қалайша халықтың тағдыры тікелей шешілетін заң жазылатын жерде қызмет етіп жүр?" Деді. 

Барлық жаңалықтар