Белгілі актер Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана жазба жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында бір ай бойы ештеңе жазбаған актер: "Әй, қалайсыңдар? Әрең шыдадым, бiрақ, сөзiмде тұрдым. 1 ай тiлiмдi тiстедiм.
Тiптi не жаңалық деп те ашпадым. Не хауар? Кiмдi талап, кiмдi қанап, кiмге жала, кiмнен жапа шектiңдер? Курсқа қойыңдар менi!"деп жазды.
Актердің бұл жазбасына оқырмандары "шайтан деген сіз бе?", "былықтарың көп пе?", "өсек іздеп келдіңіз бе", "сіз болмай, бұл жер түк қызық болмай қалды" десіп, бір ай бойы ораза мен референдум тақырыбын талқылағандарын айтуда.