Марқұм Арон Атабектің қызы Алма Нутушева әкесін ақтауды талап етіп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
"Естігендеріңіздей, белгілі құқық қорғаушы Вадим Курамшин неге Салтанат Нүкенованың аты Қостанай облысындағы мемориал тақтасына жазылып, Арон Атабектің есімі еш жерде жазылмағаны жөнінде пост жариялаған болатын.
Вадимге мен бұл жайлы өз пікірімді беремін деп айтқан болатынмын.
Біздің елдің азаматтарындай мен де Нүкенованың отбасының қайғысына ортақпын. Жас қыздың өз күйеуінің қолынан тапқаны расымен өте ауыр қайғы. Бірақ Салтанаттың тірі кезінде айтарлықтай қоғамға үлкен ықпалы болмағаны рас.
Менің марқұм әкеме оралсақ, 1960 жылы ол ең алғашқы қазақ халқының құқығын қорғау үшін алаңға шыққын адамдардың бірі болды.
Арон Атабектің арқасында 1986 жылғы оқиға ресми сипатқа ие болды. Себебі тарихты түбегейлі өзгерткен Мұхтар Шаханов оқыған хаттың авторы дәл осы Атабеков болған.
2006 жылы Шаңырақта орын алған қанды оқиғаны әр алматылықтардың есінде деп ойлаймын. Сол кездері бұл аймақта көбіне оралмандар, көп балалы отбасылар, жағдайы нашар адамдар тұратын. Жылдар бойы соғылған үйлер бір сәтте заңсыз табылғаны да бізге мәлім. Осы кісілердің артына қорған болып менің әкем тұрған және оның арқасында он мыңдаған үйлер заңдастырылды.
Арон Атабек 16 жыл түрмеде отырды. Түрмеде оны қанша қорласа да, ол соңына дейін өзінің қылмыскер еместігін, атына кір келтірмеуін талап етті.
Дәл осындай Атабек сияқты кісілердің есімдері міндетті түрде ескерткіштерде жазылып қалуы қажет. Осындай кісілердің аттарын қала мен көшелерге беру керек. Мен Арон Атабекті ақтауды талап етемін. Менің әкем қылмыскер емес", деді Алма Нутушева.
Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.