"...арқама аяздай батады" деген Тоқтар Серіковтің жазбасы жұртты жылатты

"...арқама аяздай батады" деген Тоқтар Серіковтің жазбасы жұртты жылатты

Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желі парақшасында сағынышқа толы жазба жариялап, оқырмандарын жылатты деп жазады Democrat.kz.

Әнші марқұм анасын қалай сағынғанын жеткізіп: "Анашым сізді құшақтамағаныма,құшып сүймегеніме,еркелемегеніме тура бес жыл болыпты.

Қатты сағындым анашым.Өзіңіз кеткелі жасықпын, жылауықпын.Амал жоқ бәріне көнемінғой.Кей кезде сіздің жоқтығыңыз арқама аяздай батады.Жаның жәннәтта болсын Анашым", деп жазды. 

Әншінің оқырмандары бұл жазбаға қатысты пікір білдіріп, "анасынан айырылғандар ғана түсінеді мұндайды", "аналарымыз аман болсын", "анаңыздың жаны жәннаттық болсын" деп жазып жатыр. 

 

Барлық жаңалықтар