Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқызы соңғы уақытта жұртты сотқа беру науқанын бастаған тоқалдарға қатысты өткір пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Ақпарат беттерінде басшылық пен байлыққа арсыздықпен, қылмыспен қол жеткізген кей кісілер өздерін сыйлауды талап ететін, құрмет етуді бұйыратын парадокс пайда болды.
Жоқ нәрсені қалай талап етіп, бұйырады, мәселе осында.
Есесіне, цифрлық дәуірде ондайлардың әр басқан ізі сақталатынын да ұмытпайық.
Қоғамда да ондайлардың ар, намысын қорғап шығатын өздері секілді кісілер жоқ емес.
Ал басқа адамдар "жастарды мұндайдан қорғайық" деп өз пікірлерін блдіріп, өз репутацияларын қорғауда.
Меніңше, бұл "король жалаңаш" деген пайымға келеді" деп жазды Ляйсира Маратқызы.
Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелінің бұл жазбасын оқырмандары бек түсінді. Кімдер туралы, не себепті бұлай жазылғанын да аңғарды.
"Тоқалдар мен көңілдестердің бір сәтте өздерін сынағандарды сотқа беру мені де таңғалдырды", "Әдемі айтылған! Өзгенің отбасын ойрандап, балаларынан әкесін тартып алып, "мені сөз етті, сынады, қарғады"деп сотқа жүгіну - арсыздықтың ең шегі!", "ар, намысын қорғағыштар қолындағы барынан айырылудан өлердей қорқады", "жұрттың алдында жалаңаш қалғандардың жұртты қорқытып, үркітуі күлкіні келтіреді", "қазір солардың дәурені жүріп тұр", "арсыз адам арын қорғағысы келеді" дегенге саятын пікірлер жазуда оқырмандар.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.