"Әскердегі баламды қорлап, зорлап өлтірді" деген әйел сұмдықтарды айтып берді (ВИДЕО)

"Әскердегі баламды қорлап, зорлап өлтірді" деген әйел сұмдықтарды айтып берді (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде Гүлдана есімді әйел жалғыз баласының әскерде борышын өтеп жүрген жерде қорлықпен, зорлықпен өлтірілгенін айтты деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жалғыз баласынан айырылып, ботадай боздаған Гүлдана есімді келіншек: "Оқиға болған күні баламды қорлап, зорлап өлтіреді. Ол аздай оны "өзіне қол жұмсады" деді. 

Өлген баламды "вышканың" үстіне шығарып, қаруын қолына ұстатып қояды. Марқұм баламның киімінің жағасынан еркектің спермасы шықты. Балама арақ ішкен деп жала жапты. 

Видеолары бар менде. Видеода бүкіл сержан, солдаттар сол күні мас болып жүр. Видеода сержанттың "ГВР" ішінен шалбарын түймелеп, киіп шығып келе жатқаны бар. Ал артынан менің баламның қып қызыл болып, бетін жауып, жылап сыртқа шыққаны видеода бар", деп соттың әділсіз өткенін, жақында баласының мәйітіне эксгумация жасалатынын мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар