«Астағфируллах» – Нұрлан имам әсіредіншілді шошытып алды

«Астағфируллах» – Нұрлан имам әсіредіншілді шошытып алды

Нұрлан имам мешіт ішінде басынан өткерген жағдайды  айтып, ұлттық мәселеге қатысты өз ойын тағы бір рет шегеледі деп жазады Democrat.kz.

«Бірде мешітте отырғанда азаматтар келіп «қазақтың мәселесін жиі көтеріп жүрсіз ғой» деп домбыра сыйлады.

Сол домбыраны кабинетімде тартып отыр едім, бір сақалы үлкен, теріс ағымдағы азамат жүгіріп келіп есігімді ашып: «Астағфируллах!» деп үш рет айтты да, қайта шығып кетті. Оның ұлтқа, домбыраға деген жиіркеніш сезімін көрдім де өзім тоқтап қалдым. Сол кезде ұлттық құндылықты сақтап қалу керек екенімізді түйсіндім.

Дін деген ол – үлкен мәдениет, ғылым. Әсіресе жастардың радикалдыққа түспей, кез келген аспапта ойнағаны дұрыс деп ойлаймын», – деді Нұрлан имам.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар