"Ата-аналардан "кек алмақ" болып, күлкіге қалдым"дейді мектеп директоры

"Ата-аналардан "кек алмақ" болып, күлкіге қалдым"дейді мектеп директоры

"Тренд директор", тиктокер атымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза мектептегі ата- аналарға пранк жасап, күлкіге қалғанын айтады деп жазады Democrat.kz.

"Өткен оқу жылында ата -аналарға арналған жаңа жылдық кеште маған жасалған пранктің "қайтарымын" биыл жасаймын деп жүріп, өзім күлкіге қалған күн болды.

Оқиға былай басталды. Бізде дәстүрге сай ата -аналарға жаңа жылдық шара өтеді. Биыл сол кеште мен аяз ата болып кіретін болдым. Жоспар бойынша мен сөйлемеймін, ата -аналар өздері менің кім екенімді табуы керек еді. 

Барлығы жақсы басталғандай болды. Ата- аналар да күмәнданып, "танып тұрғандаймыз" дегендей қарап отырды. Мен де ән айтқанша өзімді білдірмей, жасырып тұрамын деп ойлағам. 

Бірақ ақшақар..."Ал енді Ақмоншақ Нұртазақызының қасына келіңіздер"деп қалған сәтте зал дүр сілкініп, барлығымыз қарқылдап күліп жібердік. 

Кеш өте көңілді, шынайы жылы көңіл- күймен өтті. Ата- аналар шат- шадыман қуанып, балаша риза болып, ақ жарма тілектерін аямады. 

Осындай сәттер мектеп пен ата -ана арасындағы байланысты нығайтады. Ата -ана мектеп өміріне белсене араласқанда, көптеген мәселенің алдын алуға болады.

Ең бастысы, балалар бірлік пен шынайы қуанышты көріп өседі" деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы. 

Барлық жаңалықтар